Азия ойындарының қорытындылары

Кеше Қытайдың Ханчжоу қаласында 19-шы жазғы Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы медальдық есепете 11 орынға тұрақтады. Біздің спортшыларымыз 80 жүлде, оның ішінде 10 алтын, 22 күміс және 48 қола медаль жеңіп алды.

Аталмыш жарыста Қазақстан Республикасы құрамасынан 30 спорт түрінен 525 спортшы өнер көрсетті.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды, жаттықтырушылар мен жанкүйерлерді Азия ойындарының аяқталуымен құттықтаймыз!