Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия чемпионатында үздік нәтиже көрсетті!
Қазақстандық спортшылар Жеңіл атлетикадан 18 жасқа дейінгі Кувейтте өткен Азия чемпионатында өнер көрсетіп, 3 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды!
Сабина Арзиева - 5000м спорттық жүру
Арина Гладышева - 3000м жүгіру
Алина Чистякова - гептатлон
Алина Чистякова - биіктікке секіру
Анастасия Колода - кедергілермен 400 м жүгіру
Ринат Кулыгин - кедергілермен 2000 м жүгіру
Айбол Омар - 1500 м жүгіру
Еске сала кетейік, Қазақстан 18 жасқа дейінгі Азия Чемпионатында ел намысын 27 спортшы қорғады. Отандық жас атлеттерді айтулы нәтижелерімен құттықтаймыз!