SPORT QORY БАС ДИРЕКТОРЫ Australian Sports Foundation ҚОРЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Sport Qory бас директоры мен Australian Sports Foundation бас директоры Патрик Уолкер арасында онлайн кездесу өтті.

Australian Sports Foundation - спорт клубтарын, ұйымдарды, спортшыларды, жаттықтырушыларды және басқа да спортпен байланысты жобаларды қолдау үшін қаражат жинауға арналған қайырымдылық қоры.


- Australian Sports Foundation – спорт саласындағы қайырымдылық көмек алушы мәртебесіне ие Австралиядағы жалғыз қор;

ASF арқылы спортқа 2 доллардан асатын қайырымдылықтар көмек салықтан шегеріледі. Салықты жеңілдету туралы заң 1991 жылы қабылданды және де Қор құрылған 1996 жылдан бері ASF аясында жұмыс істейді.

- ASF краудфандинг платформасы арқылы кез келген адам (жеке және заңды тұлғалар) белгілі бір жобаны қолдау үшін қайырымдылық көмек бере алады;

- Қор - толығымен тәуелсіз ұйым болып саналады. Қор әкімшілік аппаратты ұстау үшін әрбір қайырымдылық сомасының 5% жинайды.

- ASF жұмысының маңызды бөлігін технологиялар алады, бұл жұмысты оңтайландыруға және оны тиімді етуге мүмкіндік береді.

 

Кездесу барысында ұйым өкілдері тәжірибе алмасып, қазақстандық тарап өз сұрақтарын қойып, шетелдік әріптестердің озық тәжірибесін анықтады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастық пен екіжақты қолдау көрсету туралы келісті.

title