Алматыда тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты өтеді
21-24 қыркүйек аралығында Алматыда тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты өтеді. Оған әлемнің 20 астам елінен спортшылар қатысады. Жарыста 15 және 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар рапид және блиц түрлері бойынша сайысқа түседі.
Бүгінгі күнге тоғызқұмалақ жоғары деңгейде дамуда. 2020 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен тоғызқұмалақ ойыны адамзаттың мәдени мұрасының тізіміне енгізілді.
«2006 жылдан бастап тоғызқұмалақ әлемдік зияткерлік ойындар олимпиадасы бағдарламасына кірді. 2008 ж. Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы құрылды. Содан бері тоғызқұмалақтан 6 Әлем, 6 Азия және 4 Еуропа чемпионаттары өткізілді. Жыл сайын жер шарында мыңдаған жарыс ұйымдастырылады. Оған 25-30 елдің өкілдері қатысады. Қазіргі кезде тоғызқұмалақ жоғары деңгейде дамуда», – Республикалық және Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов мәлімдеді.