Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына жолдама алды

SportQory қолдауымен Алматы қаласындағы «ADD» Алматы үстел теннисі орталығында жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына Орталық Азия елдерінің іріктеу турнирі өтті. Аталмыш турнирде Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары бақ сынады. 

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан (қыздар, Сарвиноз Миркадирова, Ангелина Романовская, Анель Бақыт, Алиса Цвигун) және Иран (ұлдар, Сейдмохаммад Мусавитахер, Навид Шамшахрбаки, Мобин Алипургаледжу) құрамалары үстел теннисінен Орталық Азия іріктеу турнирін жеңіп алып, күзде Лаоста өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына жолдама алды.

Екінші орынды Қазақстан (ұлдар) және Өзбекстан (қыздар) құрамалары еншіледі. Командалық есептегі финалдық жекпе-жектер өте тартысты, әрі әсерлі өтті. Үшінші орынды Өзбекстан (ұлдар) және Иран (қыздар) құрамалары өзара бөлісті.

Жекелей сындағы нәтижелер төмендегідей

Ұлдар:

  • 1 орын Сейдмохаммад Мусавитахер (Иран)
  • 2 орын Навид Шохрбаки (Иран)
  • 3 орын Сағантай Құрмамбаев (Қазақстан), Шохрух Александров (Өзбекстан)

Қыздар:

  • 1 орын Елина Рахими (Иран)
  • 2 орын Сарвиноз Миркадирова (Қазақстан)
  • 3 орын Мархабо Магдиева (Өзбекстан), Сима Сафаэи (Иран)
title