Қазақстандық семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық семсерлесуші София Актаева Эр-Риядта өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Жерлесіміз рапирамен семсерлесу финалында спортшы Түркиядан келген семсерлесуші Алара Атмакамен кездесті. Кездесу Алараның пайдасына 13:15 есебімен аяқталды.

Қазақстан медальдық есепте бесінші орында тұр. Ұлттық құрама қоржынында 11 алтын, 15 күміс, 17 қола медаль бар.