Ақмарал Науатбек IBSA Әлем ойындарының чемпионы атанды
Қазақстандық дзюдошы Ақмарал Науатбек IBSA Әлем ойындарының алтын жүлдегері атанды.
Отандасымыз J2 санатындағы (көзі нашар көретін) - 48 кг салмақта финалда украиналық Юлия Ивантскаяны ұстау әдісімен ұтты.
Айта кетейік, бұл чемпионат көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында Паралимпиада ойындарынан кейінгі ең үлкен жарыс болып саналады. Бұл үлкен дода Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтуде.