Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландиядан басым түсті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Солтүстік Ирландияға қарсы ойнап, тартысқа толы кездесуде 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудегі жеңіс голын қосалқы құрамнан алаңға шыққан Абат Айымбетов 88 минутта соқты.

Осылайша, құрама команда 4 кездесуден кейін 9 ұпай жинап, турнирлік кестеде 1-ші орынды Финляндия құрамасымен бөлісіп тұр.