Әлем чемпионатында отандастарымыздың қоржынында қос қола

Албанияның Дуррес қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күнінде Қазақстан қоржыны қос қоламен толықты.

Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрасыл Арапбай 266 кг (120+146 кг) көрсеткішімен төртінші орыннан көрінді. Ал серпе көтеруде кіші қолаға қол жеткізді.

Тағы бір қазақстандық спортшы Дарья Балабюк 55 келіге дейінгі салмақта қоссайыс нәтижесінде 175 келіні бағындырып 4-орынға тұрақтады. Сонымен қатар, серпе көтеруде кіші қола, жұлқа көтеруде 5-орынды иеленді.

Айта кетейік, 1 сәуірге дейін жалғасатын Әлем чемпионатында ел намысын 11 ауыр атлет қорғап жатыр.

title