Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысы өтті

Бүгін «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешені баспасөз залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру саласындағы негізгі міндеттерге арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Бұл жиынға Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, ҚР Премьер министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, SportQory Бас директоры Асхат Сейсембек, сондай-ақ еліміздегі спорт федерацияларының басшылары, танымал спортшылар, федерация өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар ел спортындағы өзекті мәселелер, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бағдарламалары, инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылап, өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.

title