Әлем чемпионатына ел намысын қорғайтын дзюдошылар анықталды
Қатар астанасы Дохада 7-14 мамыр аралығында дзюдодан әлем біріншілігі өтеді. Ел намысын аталмыш додада ерлер арасында 10, әйелдер арасында 9 спортшы қорғайды.
Ерлер:
60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев
73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев
81 келі: Абылайхан Жұбаназар
90 келі: Дидар Хамза, Айдар Арапов (mix team)
100 келі: Нұрлыхан Шархан
+100 келі: Ғалымжан Қырықбай
Әйелдер:
48 келі: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
52 келі: Толғанай Әбеуова
57 келі: Бақыт Құсақбаева
63 келі: Эсмигуль Куюлова
70 келі: Анастасия Маякова
78 келі: Аруна Жангельдина
+78 келі: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова
Дохада өтетін Әлем чемпионаты Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы Әлем біріншілігі болып саналады.
Жарыс нәтижесі бойынша спортшылардың Әлем және Олимпиада рейтингтеріне тиісті ұпайлар үлестіріледі. Нақтырақ айтсақ, Әлем чемпионы - 2000, күміс жүлдегер - 1400, ал қола жүлдегер - 1000 ұпайдан еншілейді.