Шымкентте садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

Шымкентте Sport Qory қолдауымен ұлдар, қыздар және кадеттер арасында садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 10-нан астам аймақтар мен қалалардан 150-ге жуық қатысушы жеке және командалық есепте "классикалық садақ" және "блок садақ" екі санатында бақ сынасты. Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайындалу үшін ұлттық жастар құрамасының құрамы анықталды.

title