Әсем Орынбай стенд атудан Әлем Кубогының финалында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Әсем Орынбай стенд атудан Әлем Кубогының финалында алтын медаль жеңіп алды.

Катарда өткен финалда қазақстандық спортшы «скит» бағдарламасында бақ сынап, 51 ұпай жинады.

Айта кетейік, бұған дейін спортшы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында 2 алтын, 1 қола медаль жеңіп алған болатын. Қазіргі уақытта Әсем Орынбай ISSF рейтингінде 7-ші орында тұр.