Паралимпиада ойындары өз мәресіне жетті
Парижде өткен Паралимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жалпы қорытынды бойынша 39 орынға тұрақтады.
XVII жазғы Паралимпиада ойындарында топ жарған Қазақстан құрамасының спортшылары:
Алтын:
- Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг)
- Ақмарал Науатбек (пара дзюдо)
Күміс:
- Еркін Ғаббасов (пара оқ ату)
- Нұрдәулет Жұмағали (пара жүзу)
- Ерғали Шамей (пара дзюдо)
Қола:
- Дастан Мұқашбеков (пара жеңіл атлетика)
- Даяна Федосова (пара дзюдо)
- Зарина Раифова (пара дзюдо)
- Жұрқамырза Шүкірбеков (пара дзюдо)
Қазақстан құрамасының еншісінде 2 алтын, 3 күміс, 4 қола бар. Бұл қазақстандық пара-спортшылардың Паралимпиада ойындарындағы ең үздік көрсеткіші.