Sport Qory мен кәсіби клубтарының бірлескен отырысы өтті
Балалар мен жасөспірімдер спорты Sport Qory қызметінің маңызды бөлігінің бірі. 2022 жылы Қор «Ынтымақтастық тетігі» бағдарламасын іске қосты, оған сәйкес спорттық ұйымдар алған қайырымдылық көмектің кемінде 15%-ын балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағыттайды. 2021 жылы Sport Qory корпоративтік басқаруына қабылданған кәсіби клубтардың құрылымында осы бағытқа ерекше көңіл бөлініп келеді. Мәселен, соңғы 3 жылда жарыстар саны мен айналысатын балалар саны ұлғайып, оқу-жаттығу жиындары өткізілді, спорттық құрал-жабдықтар жаңартылды.
Sport Qory бүгін «Барыс» хоккей клубы, «Астана» футбол клубы, және «Астана» баскетбол клубымен бірлескен кеңес өткізіп, кездесу аясында жұмыстың аралық қорытындысын шығардық. Өткен жылғы нәтижелер туралы және алдағы жоспарлар туралы балалар мен жасөспірімдер бағытына жауапты бөлімдердің басшылары баяндама жасады.
Жиналыс қорытындысы бойынша қазіргі уақытта өзекті проблемалық мәселелер анықталып, оларды шешу жолдары белгіленді, олар орта мерзімді перспективада іске асырылатын болады.
Балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудағы спорт клубтарының нәтижелеріне қатысты айтар болсақ, «Барыс» БЖСМ-нің 20 түлегі ҚХЛ-да ойнайды. Клуб биылғы жылы жасөспірімдер, жастар және ұлттық құрамалар үшін әлемдік хоккейдің топ-дивизионында өнер көрсететін спортшылардың негізгі жеткізушісі болды. Сонымен қатар, хоккей құрамасының Канвон-2024 жасөспірімдер Олимпиадасындағы жетістігін атап өткім келеді, онда біздің хоккейшілер команданың негізгі бөлігін құрады.
Баскетбол клубына келетін болсақ: Қор үлкен реформалар жүргізді, нәтижесінде балалар баскетбол академиясының жаңа залы ашылды және балалар саны 62%-ға өсті. 2023 жылы клубта 2 команда құрылды: «Астана-Академия» және «Жастар» командасы. Алғашқысында академия түлектері ойнап, Ұлттық лигада өнер көрсетсе, жастарымыз U-23 қатысушы командалары арасында ҚР Кубогын жеңіп алды.
«Астана» клубының футбол орталығында 12 жас тобындағы балалар жаттығады. Футбол орталығының тәрбиеленушілері футбол орталықтары мен академиялардың жасөспірімдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты, «Арман», «Дарын», «Жастар» Республикалық турнирлері, әртүрлі жастағы балалар командалары арасындағы республикалық турнирлерде 9 жас топтары бойынша өнер көрсетіп келеді.