Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты: Сайрамкез Ақмолда күміс жүлдегер
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сайрамкез Ақмолда күміс жүлдегер атанды. Отандасымыз жұлқа көтеруде 126, серпе көтеруде 166 келіні еңсеріп, қос жаттығудың қорытындысында 292 келі көрсеткішпен 2-орын иеленді.
Ерлер. 67 кг
Ри Вон Джи 317 кг (137+180)
Сайрамкез Ақмолда 292 кг (126+166)
Терават Ратфет 286 кг (128+158)
Ташкенттегі Азия чемпионатында Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады. Жарысқа 34 елден 192 атлет қатысып жатыр.