Қазақстан су спортынан әлем чемпионатында тарихи алтын жеңіп алды
Катар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихи алтын медаль жеңіп алды.
Синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова 228.0050 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды. Күміс медальді Қытай құрамасы иеленсе, қола жүлде Мексика командасына бұйырды.
Айта кетелік, осыған дейін Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатының алтын медалі болмаған. Бұған дейін Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді.