Бибісара Асаубаева "Азияның үздік шахматшысы" атанды

Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) Бибісара Асаубаеваны "Әйелдер арасында Азияның 2021 жылғы үздік шахматшысы" деп таныды. Блиц бойынша ең жас әлем чемпионы атағын 15-ші әлем чемпионы Вишванатан Ананд табыс етті.

Бибісарадан басқа 44 Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы аясында басқа да қазақстандық шахматшылар марапатталды. Жансая Әбдімәлік "Азияның көрнекті саясаткері" атағына ие болса, Кәусар Бауыржан "Азияның көрнекті шахмат төрешісі" атанды, Гүлмира Дәулетова "Азияның көрнекті шахмат ұйымдастырушысы" деп танылды, ал Дилайла Сәдуақасова "Азияның әлеуметтік желілерінің көрнекті комментаторы/жұлдызы" номинациясында жеңіске жетті.

 

title