Астанада «Жұлдызай-23» Ұлттық инклюзивті ойындары басталды

Sport Qory қолдауымен Астанада «Жұлдызай» Ұлттық инклюзивті ойындары басталды. Арнайы жарыстарға еліміздің барлық өңірлерінен 10-16 жас аралығындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар 500-ге жуық бала қатысады. 20-22 қыркүйек аралығында қатысушылар шағын футбол, голбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, асық ату спорт түрлерінен жарысады.

Жарыстың бірінші күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ашылу салтанаты өтті, онда 13 облыс пен 3 қаладан командалар ұсынылып, жартылай финалдық жарыстар өтті.

 

title