Алматыда Қол күресінен Әлем чемпионаты өтті

Sport Qory қолдауымен 24 тамыз - 3 қыркүйек аралығында Алматыда Қол күресінен ересектер, жастар, жасөспірімдер, ардагерлер арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 52 елінен 1000 астам спортшы қатысып, ел намысын 256 атлет қорғады.

Чемпионат қорытындысы бойынша кадеттер, жасөспірімдер және жастар (оң және сол қол) - 116 медаль (алтын – 58, күміс – 38, қола – 20) еншіледі. Ересектер (оң және сол қол) – 42 медаль (алтын 14, күміс -20, қола – 7) жеңіп алды.

Шара аясында 30-31 тамыз аралығында дене мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында қол күресінен әлем чемпионаты өтті.
Қазақстан намысын 144 спортшы қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша ел қоржынына 136 медаль түсті. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы 35 «алтын», 63 «күміс», және 38 «қола» медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.

title