Елена Рыбакина "Уимблдон-2022" жеңімпазы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Уимблдон-2022» турнирінің жеңімпазы атанды. Спортшы әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберге қарсы ойнап, әйелдер синглінде чемпион атағын жеңіп алды. Рыбакина бірінші сетте Тунистен келген қарсыласына 3:6 есебімен жол берсе, келесі екеуінде 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

 Осылайша, Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирін жекелей сында жеңіп алған Қазақстанның тұңғыш өкілі атанды.

title