Қазақстандық мергендер ел қоржынына тағы 2 алтын әкелді
Зухра Иранзарова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Отандасымыз 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде 560 ұпай жинап, үздік атанды. Бұл бағдарламада күміс пен қола жүлдені Солтүстік Корея өкілдері – Джие Ри мен Оксим Пэк иеленді.
Ал үшінші алтынды Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша аралас командалық сайыста өнер көрсетіп жатқан Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы ұтып алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында нысана көздеу спортынан 3 алтынға ие болды.