Қытайда IX Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті
Қытайдың Харбин қаласында IX Қысқы Азия ойындарына от жағылды. «Мемлекеттер шеруі» кезінде ту ұстаушылар ұлттық құраманың хоккейшісі Әділ Бекетаев пен шорт-трекист Ольга Тихонова болды.
Ақ Азиадаға 137 қазақстандық спортшы қатысып, спорттың алты түрі бойынша 10 пәннен бақ сынайтын болады. Ойындарға Азияның 32 елінен барлығы 1000-нан астам спортшы қатысады.
Фото: Сали Сабиров, Нұрғали Жұмағазы