Боччадан Astana 2025 World Boccia Challenger турнирі басталды

Астанада Astana 2025 world Boccia Challenger боччасынан халықаралық турнир ашылды. Жарыс 27 тамызға дейін Sport Qory қолдауымен өтеді. Челленджердің қорытындысы бойынша спортшылар 2028 жылғы Лос-Анджелестегі Паралимпиада ойындарына іріктеу үшін рейтингтік ұпай жинай алады. Жарысқа Еуропа, Азия және Таяу Шығыстың 12 елінен 56 спортшы қатысады.

title