Астанада Әмин Тұяқов жүлдесіне арналған Astana Indoor Meet турнирі өтті

Sport Qory қолдауымен Астанада жеңіл атлетикадан Әмин Тұяқов жүлдесіне арналған Astana Indoor Meet халықаралық турнирі өтті.

Astana Indoor Meet – Азияда алғаш рет өткен World Indoor Tour «алтын» сериясының турнирі. Жыл сайын сериал әлем бойынша Бостон, Нью-Йорк, Мадрид, Ливен, Торун және Острава сияқты тек 7 қалада өтеді.

Жарысқа 45 елден 136 спортшы қатысты. Аталмыш додада ел намысын 28 атлет қорғады.

Турнирдің ашылуына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.

title