Афинада күрес түрлері бойынша әлем чемпионаты жалғасуда
Грек-рим күресінен Грекия астанасы Афина қаласында U17 әлем біріншілігі жалғасуда.
Қазақстан құрамасы намысын 19 жас спортшы қорғауда.
Жарыстың екі күнінің қорытындысы бойынша грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды: екі күміс (Нұрдәулет Құмарұлы – 48 кг, Нұралы Асқар – 55 кг) және бір қола (Шамиль Досбол – 65 кг).
Ерлер арасындағы жарыс ертең аяқталса, аруларымыз 2 тамызға дейін байрақты бәсекеде өз бақтарын сынайды.

