Астанада Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes турнирі өз мәресіне жетті

«Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде World Athletic Indoor Meet бірінші кезеңі аяқталды. Қазақстан астанасына әлемнің 40 елінен 110 спортшы жиналды. Айта кетейік кетейік, Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes - бұл рейтингтік ұпай әкелетін маусымдағы алғашқы турнир.

Жеңіл атлетикадан әлемдік турнирде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Елизавета Матвеева мен Игорь Косолапов биіктікке секіруде үшінші нәтиже көрсетті. Давид Ефремов (60 метрге кедергілермен жүгіру), Дэйзи Джепкемей (3000 метр) және Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру) жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes жарысына келген барлық фавориттер жеңіс тұғырына көтеріле алмады. Екі дүркін Олимпиада чемпионы Андре Де Грасс (Канада) және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы Ниа Али (АҚШ) жүлдесіз қалды. Танымал кедергімен жүгіруші Али жарақатына байланысты іріктеу кезеңін сәтсіз өткізді.

title