Үздіктер жеңіс тұғырында

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері, Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында «Qazaq kuresi» Ассоциациясының ұйымдастыруымен «Дала қырандары» республикалық турнирі өтті.

Жарысқа 8 салмақ дәрежесі (55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 кг) бойынша 64 балуан қатысып, өзара үздіктерді анықтады. Имидждік турнирдің жүлде қоры – 80 мың АҚШ долларын құрады!

Жыл бойы өткен 5 рейтингтік турнирде төгілген тер ақталып, 8 салмақтың «Бас балуандары» анықталды:

55 кг. – Бекжан Төлепов (Қызылорда обл.)

60 кг.  – Марат Нигматуллаев (Алматы қ.)

66 кг.  – Нұр Аманшүкіров (Жамбыл обл.)

74 кг.  – Жұмажан Қожамбеков (Шымкент қ.)

82 кг.  – Айдын Дартаев (Ұлытау обл.)

90 кг. – Тоқтарбек Айдарбек (Түркістан обл.)

100 кг.  – Мұхит Тұрсынов (Солтүстік Қазақстан облысы)

+100 кг.  – Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау обл.)

Үздік шыққан спортшылар өз салмағының «бас балуаны» атанып қана қоймай, желтоқсан айында Астана қаласында қазақ күресінен өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғау мәртебесіне ие болды.

title