Бибарыс Спатай Азия чемпионы атанды
Пара каноэдан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Бибарыс Спатай (КL2 санаты) 500 м қашықтықты 2:01,07 секундта бағындырып, жеңіске жетті. Мәреге екінші болып өзбекстандық Азизбек Абдулхабибов 2:08,30 секундта жетті, ал үндістандық спортшы Котиа Санжиев 2:12,55 уақытымен үшінші орынды еншіледі.
Сондай-ақ, жарыста қазақстандық Жалғас Тайкенов (КL3 санаты) пен Жаныл Балтабаева (VL3 санаты) 500 м қашықтықта қос күміс медельді жеңіп алды.
Айта кетсек, пара каноэден Азия чемпионаты Самарқан қаласында (Өзбекстан) 26-30 сәуір аралығында өтуде. Жарысқа 8 мемлекеттен 80-ге жуық спортшы қатысуда.