Қазақстандық спортшы таэквондодан әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстандық таэквондошы Жансель Дениз таэквондодан әлемдік рейтингте көш бастап, отандық спорт тарихына енді. 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жаңартылған тізімде әйелдер арасында Дениз 139.81 баллмен рейтингте көш бастап тұр. Ол ресейлік Полина Ханды (107.94) және Оңтүстік Корея өкілі Да Бинь Лиді (105.60) басып озды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жансель рейтингтің төртінші сатысында тұрған болатын. Отандасымыздың мансабында жеткен жетістіктері өте көп. Таэквондошы 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері және 2017 жылғы жазғы Универсиаданың "күміс" жүлдегері. Ол сондай-ақ түрлі халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғап келеді.

title