Астанада Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2023 жылғы қызметі мен 2024 жылға қойылған негізгі міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Жиынға Қазақстан Републикасы Премьер министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Боранбаев, сондай-ақ республикалық, облыстық деңгейдегі спорт федерацияларының басшылары, арнайы өкілдері қатысты.

Жиын барысында 2023 жылы атқарылған жұмыстар бойынша федерация өкілдері арнайы қорытынды есеп беріп, 2024 жылға жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, алдағы Париж-2024 Олимпиада ойындары мен елімізде өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дайындық жұмыстары талқыланды.

Тамара Дүйсенова өз баяндамасында Туризм және спорт министрлігінің жұмысына тоқталып, 7 негізгі бағыт бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының қаражаты жетекші спортшыларды ойындарға дайындауға, оның ішінде медициналық фармакологиялық сүйемелдеуге де пайдаланылуы тиіс екендігін ерекше атап өтті.  

title