Қазақстан құрамасы қоржынында 5 алтын
Нидерландтың Эйндховен қаласында өткен Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 5 алтын жүлде иеленіп, командалық есепте топ жарды.
Отандық былғары қолғап шеберлері арасынан Даниял Сабит (50 кг), Абылайхан Жүсіпов (70 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Дәулет Төлемісов (85 кг) және Нұрлан Сапарбай (90+ кг) алтыннан алқа тақса, Ертуған Зейноллинов (65 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг) және Сағындық Тоғамбай (90 кг) қола жүлде иеленді.
Аталмыш турнирде Қазақстан құрамасы намысын 10 боксшы қорғаған болатын. Алайда, Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Ерхан Турдан (60 кг) жүлдеден тыс қалды.