Астанада «Болашақ ойындары – 2026» басталды
Астанада «Болашақ ойындары – 2026» басталды. Киберспорт, дәстүрлі спорт түрлері мен заманауи технологияларды біріктіретін халықаралық турнир 29 шілде мен 9 тамызаралығында өтеді. Жарысқа 34 елден 800-ден астам спортшы қатысуда. Командалар сегіз пән бойынша бақ сынайды: фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-шутер, фиджитал-би, Dota 2, Mobile Legends: Bang Bang және PUBG: Battlegrounds.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық мультиспорттық турнирдің ашылу салтанатына қатысты. Мемлекет басшысы Астанадағы «Болашақ ойындары» халықаралық фиджитал қозғалысына қуатты серпін беретінін атап өтті.
«Бұл турнир кереғар дүниелерді бір арнаға тоғыстырады. Оның негізінде шынайы және виртуалды әлем арасындағы ақылға қонымды тепе-теңдік жатыр. Бүгін осы аренаға негізінен жастар жиналып отыр. Сіздер білімді, талантты, еңбекқор, талапты болсаңыздар, болашақтың іргетасы бекемделе түсетіні анық. Алда өздеріңізді биік белестерге бастайтын соқтықпалы-соқпақсыз жол күтіп тұр. Ой-пікірі ортақ, мүддесі бір, сенімді серіктер жандарыңыздан табылғанда ғана бұл жолды еңсеру оңай болмақ. Ойынға қатысушылардың әрқайсысы тыңғылықты дайындықтан өтті. Олар өз командаларының намысын абыроймен қорғауға әзір. Сіздер «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығып, жаңа достар тауып, келешегі зор жобаларды бірлесе қолға аласыздар деп сенемін. Себебі, «Болашақ ойындарының» басты миссиясы – адамдарды жаңа жетістіктер жолында жұмылдыру және жігерлендіру. «Болашақ ойындары» елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықтың, достық пен келісімнің «алтын көпіріне» айналады деп сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Іс-шараның құрметті қонақтары Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар болды.
Sport Qory «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің серіктесі.
