Qazaqstan Live Fest 2022 көрмесі өз мәресіне жетті

Туризм, спорт және белсенді өмір салтын насихаттайтын Qazaqstan Live Fest 2022 халықаралық көрмесі аяқталды. SportQory аталмыш көрме аясында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырып, демеушілермен қарым-қатынас орнатты. Еліміздегі спортты қаржыландыру, спорт саласындағы демушілік мәселесі бойынша бірқатар келіссөздер жүргізіп, Спортты қолдау қорынан қаржылық-демеушілік қолдау алу барысын әлеуетті көмек алушыларға түсіндірді. 

3 күнге созылған көрме аясында конференциялар, дөңгелек үстелдер, панельдік пікірталастар, мазмұнды іскерлік кездесулер орын алды.

Нәтижесінде, SportQory ұйымдастырушылар тарапынан «Спорт саласының көшбасшысы» номинациясы бойынша үздік атанды. 

Сондай-ақ, көрме аясында Спортты қолдау қорынан бөлек, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» кәсіби баскетбол клубы және «Астана» футбол клубы да келушілерге түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырып, жеңімпаздарды арнайы сыйлықтармен марапаттады. 

title