Вадим Шарлаимов семсерлесуден Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Вадим Шарлаимов Индонезияда өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында қола медальға ие болды. Қазақстандық спортшы топтық кезеңде барлық жекпе-жектерде жеңіске жетіп, сенімді түрде іріктеуден өтті.

1/32 финалға кіру үшін – EL CHOUEIRY Antoine (Ливан) қарсы жеңіс – 15:11;

1/16 финалға кіру үшін – CHINGAKHAM Jetlee Singh (Үндістан) қарсы жеңіс – 15:7;

1/8 финалға кіру үшін – YU Mengxiang (Қытай) қарсы жеңіс – 15:12;

1/4 финалға кіру үшін – қазіргі Олимпиада чемпионы KANO Koki (Жапония) қарсы сенсациялық жеңіс – 15:14;

Жартылай финалда – YAMADA Masaru (Жапония) қарсы ұтылды – 7:15.

title