Париж 2024 жазғы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті
Париж 2024 жазғы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті.
Қазақстан ұлттық құрамасы төртжылдықтың басты бәсекесінде 7 жүлдеге қол жеткізді. Қоржынымызда 1 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлде бар. Осылайша, ел құрамасы жалпыкомандалық есепте 43-ші орынға тұрақтады.
🥇Дзюдодан 60 келіде Елдос Сметов олимпиада чемпионы атанды.
🥈Күміс медальды спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов (тұғырлы ат жаттығуы), грек-рим күресінен Демеу Жадыаев (77 келі) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келі) иеленді.
🥉Қола жүлдені нысана көздеуден командалық жарыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле (тапаншамен 10 метрден ату), дзюдодан Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) және бокстан Назым Қызайбай (51 келі) жеңіп алды.
Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиадада Қазақстан құрамасының 80 атлеті 25 спорт түрінен сынға түсті. Соның ішінде 54-і алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Атлеттер саны жағынан еліміз жалпы есепте 38-орынға жайғасты.
XXXIII ойындардың жабылу рәсімі «Стад де Франс» стадионында өтіп, Қазақстан туын көркем гимнастика шебері Эльжана Таниева мен таеквондошы Батырхан Төлеуғали ұстап шықты. Екі спортшы да 18 жаста және биыл Олимпиадаға алғаш рет қатысты.
Кеш барысында олимпия ойындарының туы келесі бәсекенің астанасы Лос-Анджелес қаласына табысталды.
Фото: Владислав Семенов