Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтті
Астана күні қарсаңында «Барыс-Арена» мұз сарайында Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» XI республикалық турнирі өтті. Ауқымды шара ҚР Премьер-Министрі Ералы Тоғжановтың, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің, ҚР МСМ дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Самат Ерғалиевтің, «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры Қуанышбек Есекеевтің құттықтау сөздерімен басталды.
Сәуірден мамырға дейін 5000-ға жуық спортшы бүкіл ел бойынша іріктеу турнирлеріне қатысты. Финал қорытындысы бойынша елордада «Қазақстан Барысы» атағын Мақсат Исағабылов (Қызылорда облысы) жеңіп алды. Жеңімпазға 25 000 000 теңге, Алтын белбеу және алтын «Тайтұяқ» табыс етілді. Күміс жүлдені Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы) иеленсе, ал үшінші орынға Ғалымжан Қырықбай табан тіреді.
Ұлттық күрес жанкүйерлеріне спорттық жарыстармен қатар шоу-бағдарлама ұйымдастырылып, оның аясында әнші Қуандық Рахым мен «Тұран» этно-тобы өнер көрсетті.