Оқ атудан Қазақстан құрамасы 3 медаль жеңіп алды

23 шілде мен 9 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада өтуде.

Шара аясында оқ атудан Қазақстан құрамасы 3 медаль жеңіп алды.

Никита Чирюкин «25 метр жылдам ату» сайысында күміс медаль иеленді. Ал Никита Шахторин, Ислам Сәтбаев, Константин Малиновский бар ерлер құрама командасы «50 м мылтық 3*40 3 позиция» жаттығуында күміс және «10 метр пневматикалық мылтық» жаттығуында қола медаль еншіледі.