Федерациялардың соңғы жаңалықтары

Баскетбол

Ерлер құрамасы 3х3 Азия Кубогының іріктеу кезеңінен еш ұтылыссыз  өтті. Енді командамыз 1 сәуір күні Қытай және Үндістан командаларымен кездесетін болады. 

 

Әйелдер құрамасы бір жеңіске жетіп, 3-ші орынға тұрақтады. Осылайша, команда жарыс жолын аяқтады. 

 

Футзал

2 сәуір күні футзалдан Қазақстан Чемпионатының плей-офф кезеңі басталады. Онда алматылық «Қайрат» футзал клубы едордалық «Астана» командасымен кездеседі. Матч Астана қаласындағы «Сайран Арена» спорт кешенінде өтеді. Басталуы: 17:00-де.

 

Жеңіл атлетика

Бүгін Алматыда диск лақтыру, спорттық жүру және тас жол бойымен ұзақ қашықтыққа жүгіру бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарыс U16, U18, U20 және ересек спортшылар арасындағы 4 жас санатында өтті.

 

title