Қазақстан қоржынында қос алтын!

Португалияның Алмада қаласында пара дзюдодан әлемдік гран-при басталды. Жарыстың алғашқы күні Токио-2020 Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әнуар Сариев (60 кг) J2 (көзі нашар көретін) санатында татамиге қайта оралып, финалдық кездесуде грузиндік балуанды қапы қалдырып, алтыннан алқа тақты.

Ал 73 келі салмақта J2 санатында күрескен тағы бір отандасымыз Олжас Оразалыұлы финалдық кездесуде атақты француз балуаны Петит Натханды жеңіп, тұғырдың ең биік сатысынан көрінді.

Сондай-ақ, Ерғали Шамей J1 (көзі мүлде көрмейтін спортшылар) санатында қола жүлде үшін белдесуде қарсыласына есе жіберді.

Айта кетейік, бүгін жарыс жолына жоғары салмақта өнер көрсететін Ғалымжан Смағұлұлы (-90 кг J2), Жанбота Аманжол (-90 кг J2), Ерлан Конкиев (+90 кг J2) және Ерлан Утепов (+90 кг J1) шығатын болады.

title