Астанада бокстан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталды

Бокстан Әлем кубогының кезекті кезеңі 30 маусым мен 7 шілде аралығында Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Ел намысын ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) және Айбек Оралбай (+90 келі) қорғайды.

Ал әйелдер құрамасы сапында Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Айдана Забынбекова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) және Елдана Тәліпова (+80 келі) бақ сынайды.

Айта кетейік, жарыста 30 елден 300ге жуық спортшы бақ сынайды. Турнирді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирден тамашалай аласыздар.