Қазақстан спортшылары алғаш рет Virtus ойындарына қатысуда

 4-10 маусым аралығында Францияның Виши қаласында VI Дүниежүзілік Virtus ойындары өтіп жатыр.

4 маусымда Қазақстан делегациясы интеллектуалдық дамуында ауытқуы бар спортшылар арасындағы ойындардың ашылу салтанатына қатысты. Осы шарада Қазақстан намысын екі спортшы – Дастан Ордабай мен Әмір Алпамыс қорғайтын болады.