Алматыда өткен тас жолдағы велоспорттан 2024 жылғы Азия чемпионаты аяқталды

 Алматыда өткен тас жолдағы велоспорттан 2024 жылғы Азия чемпионаты аяқталды!

Велоспорттан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Азия чемпионатында жеңіске жетіп, 15 медаль еншілеп, өткен жылғы нәтижені қайталады.

Соңғы 151 шақырым қашықтықтағы ерлер арасындағы топтық жарысқа 20 елден 73 шабандоз қатысты.

Қазақстан атынан Евгений Федоров, Игорь Чжан, Дмитрий Груздев және Евгений Гидич жарыс жолына шықты.
Кореядан келген Ыро Ким 3:21:46 нәтижесімен бірінші болып мәреге жетті. Қытайлық Синджин Лью күміс жүлдені иеленсе, ал отандасымыз Евгений Федоровқа қола жүлде бұйырды. Ол сонымен қатар аралас эстафетада және жеке уақыт жарысында Азия чемпионы атанды.
Қазақстан құрамасы жақын арадағы қарсыластарын үлкен айырмашылықпен басып озып, чемпионатты мерзімінен бұрын жеңіп алды. Екінші орында Қытай Тайпэй командасы, олардың еншісінде 2 алтын және 1 күміс медаль бар. Ал үшінші орында Оңтүстік Корея (2 алтын).

Сондай-ақ, чемпионат аясында паравелоспорттан 11-ші Азия чемпионаты өтті, онда біздің құрама үздік нәтижелер көрсетті:
Ерлер (B санаты):

🏆 1 орын: Сейтжан Кенжегүл - Лаврентьев Антон

🥈 2 орын: Малыгин Александр - Дэвид Кусаков

🥉 3 орын: Талим Дастан - Нұрпеисов Мақсат

Әйелдер (B санаты):
🏆 1 орын: Қайнарова Жұлдыз - Чугай Ульяна

🥈 2 орын: Қалиева Асел - Нұрғали Айгерім

C санаты:
🥈 2 орын: Павел Бабенко, 1 орын Бехруз Ферзад (Иран),

🥉3 орын Аброр Ибраимов (Өзбекстан).

Барлық қатысушыларды және отандық велошабандоздарды осы керемет жетістікпен құттықтаймыз! 

title