Астанада «Parimatch Eurasia Jastar Cup-2023» халықаралық турнирі өтеді!

4-7 ақпан аралығында елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде жастар мен жасөспірімдер командалары арасында «Parimatch Eurasia Jastar Cup-2023» халықаралық турнирі өтеді.

Аталмыш додада Қазақстан U-18, Беларусь U-18 және Ресей U-16 командалары мен Ресейдің қыздар құрамасы қатысады. Ойындар айналымдық жүйе бойынша өтеді.

Сондай-ақ Кубок аясында 3х3 турнирі жоспарланған. Жарысты Insport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Турнирге кіру тегін.