Данияр Елеусинов әлем чемпионы атанды

18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтанда Sport Qory қолдауымен кәсіби бокс кеші өтті.

Спорттық шараның хедлайнері Данияр Елеусинов (10-0, 6 КО) болды. Ол аргентиналық Хуан Эрнан Леалмен (15-1, 4 КО) IBO жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін күрескен.

Жекпе-жек барлық 12 раундқа созылды, оның қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан қазақстандық спортшыға жеңіс сыйлады.

Осылайша, Данияр Елеусинов чемпиондық белбеу иегері атанды. Бұл боксшының кәсіби мансабындағы он бірінші жеңісі.