Сербиядағы турнирде қазақстандық 8 боксшы финалға өтті

Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті. Қазақстан намысын қорғаған 12 боксшымыздың 8-і финалға өтіп,4 алтын, 4 күміс еншіледә және жалпыкомандалық есепте 1 орынды иеленді.

🏆“Belgrade winner” турнирінде жүлдегер атанған Қазақстан боксшылары:

🥇Ернұр Қайрат (48 келі);
🥇Санжар Тәшкенбай (51 келі);
🥇Дәулет Молдашев (54 келі);
🥇Диас Молжігітов (75 келі).

🥈Сабыржан Аққалықов (71 келі);
🥈Ерасыл Жақпеков (80 келі);
🥈Данияр Рахымбердинов (92 келі);
🥈Олжас Боқаев (+92 келі).

🥊Жаттықтырушылар: Ғани Әшкеев, Талғатбек Жақпеков, Бағдат Оңғарбеков, Нұржан Насанов.

Әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысқан халықаралық турнирде Қазақстанның 12 боксшысы бақ сынады.