Бибісара Асаубаева танымал гроссмейстер Сергей Карякинді жеңді

Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирде айтулы сенсация орын алды. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте бәсекенің басты фавориті Сергей Карякинді жеңді.

Сергей Карякин әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның еншісінде 2 739 ұпай бар.

Айта кетейік, жарыстың жүлде қоры 15 миллион рубльді құрайы. Бұл бәсекеде әлемдегі ең мықты шахматшылар өз шеберліктерін сынауда. Олардың қатарында Бибісара Асаубаева, Сергей Карякин, Александр Грищук, Теймур Раджабов, Раунаку Садвани, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно және басқалары бар.

Рапид бәсекесі 24-26 қаңтар аралығында өтті. Енді блиц түрінде (28 және 30 қаңтар) Бибисара Асаубаева әлі де өз шеберлігін көрсетеді деп сенеміз.

title