Астанада Сапыда Семсерлесу Бойынша Әлем Кубогы өтуде

Астанада ерлер мен әйелдер арасында сапыда семсерлесу бойынша Әлем кубогы басталды. Бұл - Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) қолдауымен өтетін маңызды халықаралық турнир. Қазақстанда алғаш рет осындай деңгейдегі жарыс өткізіліп отыр.

FIE күнтізбесіне жыл сайын осы санаттағы небәрі бес турнир кіреді. Олар дәстүрлі түрде Швейцария, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері және Канадада өтеді. Биыл Қазақстан алғаш рет осы тізімге қосылып, Орталық Азияда Әлем кубогын өткізген алғашқы ел атанды.

Жарыс 26–29 наурыз аралығында Астанадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.

Турнирге 222 әйел және 272 ер спортшы қатысуда. Командалық жарыстарға 31 ерлер және 23 әйелдер команалары қатысады. Барлық қатысушылардың саны, оның ішінде жаттықтырушылар мен төрешілерді қоса алғанда, 1000 адамнан асады.

Төрт күн бойы көрермендерді ерлер мен әйелдер арасындағы жеке және командалық жарыстар күтеді. Ашылу салтанаты, жеке сайыстардың жартылай финалдары мен финалдары 28 наурызда өтеді, ал 29 наурыз күні командалық жарыстар ұйымдастырылады.

Қазақстан атынан турнирге 30 семсерлесуші қатысуда, олардың қатарында Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов бар.

Әйелдер арасындағы жарыстарға 24 семсерлесуші қатысады, олардың ішінде Ульяна Писцова, София Николайчук, Каролина Фомина және Владислава Андреева бар.