Өткен аптаның айтулы жаңалықтары

Өткен аптаның айтулы жаңалықтары

Қазақстандық жеңіл атлет Дэйзи Джепкемей Францияда өткен жартылай марафонда чемпион атанды. Оның уақыт көрсеткіші - 1 сағ 07 мин 54 сек құрайды.

Дзюдодан Душанбе қаласында өтіп жатқан (Тәжікстан) жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатында Күмісбай Азат қола медаль еншіледі.

4-6 қазан күндері мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Showdown үстел теннисінен республикалық чемпионат өтті. Додада ШҚО, Ақтөбе, Павлодар, Жетісу, СҚО, Түркістан, Қарағанды, Ақмола, Маңғыстау, Абай облыстары, Алматы, Шымкент қалаларынан 45 спортшы бас қосты.

29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Шымкентте өткен Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған ерлер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. Турнирде 13 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды. Оразбек Асылқұлов турнирдің үздік боксшысы атанды.