Алматыда жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия Кубогы басталды

Алматыдағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы басталды.

Алматы төрінде бастау алған Азия кубогына Грузия, Греция, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстаннан 680 дзюдошы өз бақтарын сынауда.

Алғашқы жарыс күнінде ұлдар 50, 55, 60, 66 және 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, ал қыздар 40 кг, 44 кг, 48 кг, 52 кг және 57 келі салмақта өзара мықтыны анықтайды.

Еске сала кетейік, Бекет Махмұтов 2009-2012 жылдары Қазақстан дзюдо федерациясының президенті, сондай-ақ Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметтерін атқарған. Аталған жарыс биыл дәстүрлі түрде алтыншы рет өткізіліп отыр. Азия кубогы 9 сәуірге дейін жалғасады.

Тікелей эфир: Live.ijf.org

YouTube: Kazakhstan Judo Team, Qazsport

title